БҰҰ қыздардың пәктігін тексеруді доғаруға шақырды

16:18, 14 қараша 2018

БҰҰ-ның әйелдерді алалауға қарсы күрес комитеті Тәжікстан билігін неке қияр алдын қыздың пәктігін тексеруді доғаруға шақырды деп жазады el24kz.

БҰҰ мұндай тәжірибенің медициналық қажеттілігі жоқ деп есептейді. БҰҰ комитетінің кеңесі 12 қарашада жарияланды. Онда Тәжікстанның Отбасы кодексіне қабылданған түзетулердегі неке қияр алдындағы медициналық тексеруден өту көбіне қыздың пәктігін тексеру үшін қолданылатынын, бұның соңы кей жағдайда суицидке әкеп соқтыратыны айтылған.

2016 жылы қабылданған бұл заң бойынша, некеге тұрар бұрын жастар тегін медициналық тексеруден өтуі тиіс. Мұндай құжатсыз АХАЖ мекемесі жастардың некесін қимайды.

БҰҰ сарапшылары мен адам құқығын қорғаушылар 21 ғасырда "пәктік" адамның арын анықтайтын индикатор бола алмайды деп есептейді. Өйткені БҰҰ әйелдердің фундаменталдық құқығы - өз таңдауын еркін жасау үшін күресіп келеді.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!