Баласының көзінше шешесін өлтірген адам бейнетаспаға түсіп қалған

10:10, 26 шілде 2019

Мәскеу маңындағы Раменское ауданында бір әйелді қаскөй төрт жасар баласының көзінше аяусыз пышақтап, өлтірген, деп хабарлайды РЕН-ТВ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Лесная көшесіндегі көп қабатты ғимарат үйдің алдындағы балаларға арналған ойын алаңында жас келіншек күйеуімен ұрсысқан. Әбден ашуға мінген еркек әйелін жерге алып ұрып, пышақты аямай 20 рет сілтеген. Ер адамның мұндай қаніпезер әрекетке не үшін барғаны, әзірге белгісіз.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер зардап шегушінінің өмірін сақтап қала алмады. Ал әке-шешесінің қатысуындағы қанды оқиғаның куәсі болған бала болса, ессіз-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді.

Ресей ІІМ-нің Мәскеу облысындағы басқармасының баспасөз қызметі құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні іздестіріп жатқанын хабарлады.

Кейбір деректерге сүйенсек, 27 жастағы марқұм келіншек 25 жастағы ер адаммен алдында азаматтық некеде болып, артынан ажырасып кеткен көрінеді.

Ескерту! Видеода жауыздық әрекеттер түсірілген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!