Аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны артады – зерттеу

12:37, 1 тамыз 2018

Мельбурндағы (Австралия) Монаш университетінің ғалымдары 2080 жылға қарай аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны тропикалық және субтропикалық аймақтарда шамамен 5 есе артады деген тұжырымдама жасады. Басты себеп климаттың антропогенді өзгеріске ұшырауы, бұл өз кезегінде табиғи апаттардың жиілеуіне алып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі EurekAlert сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар 2031-2080 жылдар аралығында 20 елде аптап ыстықтан қайтыс болған адамдардың санын есептеу үлгісін жасап шықты. Ескептеулер барысында атмосфераға бөлінетін көмір қышқыл газ, халықтың тығыздығы және табиғи апаттан кейін көрсетілетін көмек деңгейі ескерілді.

Сонымен, австралиялық қалалар Брисбен, Сидней мен Мельбурнда табиғаттың әрекетсіздігінен 1971-2010 жылдармен салыстырғанда өлім саны 471 паайызға артады. Жалпы, Үндістан, Греция, Жапония мен Канада елдерінде өлім саны күрт өседі. Оның үстіне өрт және куаншылық сынды табиғи апаттар жағдайды ушықтырып жібереді.

Ғалымдардың пайымынша, егер Париждік келісімді сақтайтын болсақ болжанып отырған салдар айтарлықтай жеңілдеу болар еді.

2015 жылғы Париждік келісімде адамзат Жер планетасының температурасын 1,5 градусқа көтерілуіне жол бермеуі керек делінген. Ауа температурасының 2 градусқа көтерілуінің өзі атмосфераның айтарлықтай өзгеріске ұшырауына алып келеді. Мұз айдындары еріп, теңіз теңгейі көтеріледі. Егер осылай жалғаса берітін болса, 2100 жылға қарай теңіз жағасына жақын орнаасқан мегаполистерді су басады, тіпті кейбір аралдар, оның ішінде Мальдив аралдары да жойылып кетеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!