АҚШ-тың қауіпсіздік министрінің 3 мың долларын кешкі ас кезінде ұрлап кетті
© Сурет: Instagram/kristinoem
АҚШ-тың қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Вашингтонның орталығындағы мейрамханада кешкі ас ішіп отырған кезінде ұрлыққа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 20 сәуірде болған. The New York Times басылымының жазуынша, ұры әлі күнге табылмаған. Бейнебақылау кадрларынан медициналық бетперде киген белгісіз ер адамның Ноэмнің сөмкесін алып, мейрамханадан шығып кеткені анық көрінеді. Айта кетейік, ол кезде министрдің жанында күзетшілер болған.
"Ол ақшаны отбасын кешкі аспен қонақ етуге, көңіл көтеруге және Пасхаға сыйлықтар алуға жұмсамақ болған", – деп жазды The New York Times.
Ұры Кристи Ноэмнің жүргізуші куәлігін, дәрі-дәрмектерін, пәтер кілтін, төлқұжатын, қызметтік рұқсатнамасын, косметикалық сөмкесін, бос чек кітапшаларын және шамамен 3 мың доллар қолма-қол ақшаны алып кеткен.
Кристи Ноэм АҚШ қауіпсіздік министрі ретінде елдің қауіпсіздігіне жауапты. Оның құзыретіне шекараны бақылау, көші-қон, терроризмге қарсы күрес және киберқауіпсіздік кіреді.
Бұған дейін Рим Папасының жерлеу рәсімі Трамптың жеке шоуына айналуы мүмкін екендігі жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





