АҚШ-та әйел өзінің екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
© Сурет: pexels
Техас штатында 42 жастағы Коллин Никол Леммон екі ұлын өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Эллис округі шерифінің кеңсесі мәлімдегендей, полиция Уоксахачи қаласындағы үйге төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін барған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox News мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үйдің ішінен оқ жарақатын алған екі жасөспірімді тапқан.
21 жастағы Кристофер Скотт Питр оқиға орнында қаза тапты. Оның 15 жастағы інісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда кейін көз жұмды.
Сондай-ақ үйден Леммон да өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен табылған. Тергеу мәліметінше, оның жанынан тапанша табылып, білектерінде өзіне өзі салған болуы мүмкін кесілген жарақаттар болған.
Іс материалдарына сәйкес, Леммон полиция қызметкерлеріне:
"Екі баламды да атып тастадым", – деп айтқан.
Әйел ұсталып, ауруханаға жеткізілді. Оған ауырлататын мән-жайлармен кісі өлтіру бойынша екі айып тағылды. Бұл қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.
Texas mom tells police 'I shot both my kids' before their bodies are found inside home https://t.co/Cqu4qgZSzJ
— Daily Mail (@DailyMail) October 4, 2026
Қаза тапқандардың әкесі ұлдары үшін әділдікке қол жеткізгісі келетінін мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:14, 10 қараша 2026
Конго Демократиялық Республикасында 66 әскери қызметкер өлім жазасына кесілді
-
11:41, 10 қараша 2026
Түркиядағы зауытта жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
-
09:48, 10 қараша 2026
Бразилияда 13 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
08:51, 10 қараша 2026
Қытайда көпқабатты ғимарат өртеніп, 14 адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті
-
12:04, 9 қараша 2026
Германия университеттерінде жаппай наразылық акциялары өтуі мүмкін: студенттер сабаққа бойкот жарияламақ





