АҚШ Ресейден Украина шекарасындағы әскерін алып кетуін сұрады

© Сурет: Zakon.kz / Maxim Zolotukhin
Стокгольмде ЕҚЫҰ министрлер жиналысы кезіндегі кездесу 40 минутқа созылды.
Ресей Украина шекарасы маңындағы шиеленіс қысымын төмендетуі тиіс.
АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен 2 желтоқсанда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер барысында осылай деп мәлімдеді.
"Украинаға қоқан-лоқы жасап, оның тұрақтылығын бұзу үшін әскерді шиеленіс аймағына шоғырландыру арқылы қысымды арттыру жауапкершілігі Ресейдің мойнында". Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы
Мемлекеттік департаменттің кездесу нәтижесі жөніндегі мәлімдемесінде Блинкен АҚШ-тың Донбастағы қарулы жанжалға бейбіт жолмен реттеуге қатысуға дайын екенін айтты делінген.
Жүздесуде Лавров Украинаны АҚШ-тың геосаяси ойынына тартуының салдары болатынын, Мәскеу оған жауап қатуға мәжбүр екенін ескерткен.
Стокгольмдегі келіссөздер басталған уақытта Лавров Мәскеу мен Вашингтон мүдделер тепе-теңдігін іздейтінін айтқан. Министр НАТО-ның шығысқа қарай жылжуына алаңдайтынын, бұл жағдай Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне әсер етенін мәлімдеді.
Келіссөздер басында Блинкен Лавровпен кездесуді - ашық әңгімелесуге таптырмас мүмкіндік деп сипаттаған.
Украина мен Батыс елдері Ресейді әскерін Украина шекарасына жақын маңға шоғырландырды, әскермен шабуылдауға дайындалып жатқан болуы мүмкін деп айыптады. Мәскеу болса Киев пен НАТО елдерінің әрекеттерінен қауіп көретінін мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады