Ақтауда заңсыз ойын бизнесінде 63 млн теңгеден астам ақша айналымға түскен

17:30, 24 қараша 2026
MKZ: 1579507

© Фото: pexels

Ақтауда заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған топтың қызметі тоқтатылды. Арнайы жабдықталған орында бірнеше ай бойы ойын терминалдары арқылы ақшаға бәс тігілген. Заңсыз ойын айналымының жалпы сомасы 63 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесін анықтады.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2026 жылдың сәуірі мен қазаны аралығында бір топ адам арнайы жабдықталған үй-жайда ойын терминалдарын пайдаланып, ақшалай бәс қабылдаған және құмар ойындарын өткізген.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде заңсыз ойын қызметінің деректері анықталып, ойын жабдықтары тәркіленді. Мамандардың қорытындысы бойынша, қабылданған ақшалай бәс көлемі 63 млн теңгеден асқан.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайды.

Прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!