Жалғас Қайролла: «Жеңіс күнінде» қол жеткізген осы жетістігімді барша қазақ еліне арнаймын
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз жарыстан кейін берген сұхбатында алған әсерін бөлісті.
Айта кетейік, Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде Петру Пеливанды жеңді.
"Ұлттық құрама сапында осы жарысқа екі жылдан астам уақыт дайындалдым. Жаңа бапкерлер келгеннен кейін оқу-жаттығу процесіне өзгерістер енгізіліп, соған сай дайындық жүргіздік. Бүгін 100 пайыз бабымда өнер көрсеттім деп ойлаймын.
Бүгін өте керемет күн болды. «Жеңіс күнінде» қол жеткізген осы жетістігімді барша қазақ еліне арнаймын. Ішкі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Себебі бұл менің халықаралық жарыстағы алғашқы медалім.
Әрине, бірінші белдесуден бастап, жанкүйерлердің қолдауын сезіндім. Мені қолдауға келген отбасымның, достарымның және ағаларымның сенімін ақтадым деп үміттенемін.
Тәжікстан балуанымен өткен екінші кездесу қиын болды. Сондай-ақ бірінші белдесу де қиынға соқты. Себебі қатты ашыла алмадым. Екінші кездесуден бастап, сенімді күресе бастадым.
81 келі халықаралық деңгейде Қазақстанның ең мықты салмақтарының бірі деп есептеймін. Ұлттық құрама бапкерлеріне ерекше алғыс білдіремін. Себебі бастапқыда мен негізгі құрам тізімінде болған жоқпын, қосалқы құрамда едім. Бұл жарыста Әділет Алмат пен Абылайхан Жұбаназар күресуі керек болатын. Алайда олардың Азия чемпионатында жүлдегер атануына байланысты бізге мүмкіндік берілді", - деді дзюдошы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:24, 3 маусым 2026
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды
-
18:26, 2 маусым 2026
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті қызметінен кетті
-
19:30, 1 маусым 2026
Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
-
18:01, 1 маусым 2026
Қазақстан ат спортынан Астанадағы халықаралық турнирлерде 14 медаль жеңіп алды
-
17:31, 1 маусым 2026
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің қос бірдей ширек финалына шықты





