World Boxing «Жылдың үздік боксшысы» атағынан үміткерлер тізіміне екі қазақстандық боксшыны қосып қойды
© Сурет: ҚР ҰОК
World Boxing халықаралық федерациясы "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді, деп жазады Ұлттық олимпиада комитеті.
Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды. Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында "1 лүпіл = 1 дауыс" ережесімен өткізіледі.
Жерлестерімізге осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 7 қаңтар 2026
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді
-
15:05, 7 қаңтар 2026
Гонконгта семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде ел намысын бір ғана спортшы қорғайды
-
14:33, 7 қаңтар 2026
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді
-
13:50, 7 қаңтар 2026
2026 жылғы Олимпиадаға бір ай қалды: қанша қазақстандық спортшы жолдама алды
-
13:39, 7 қаңтар 2026
Теннисші Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты





