Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы нешінші орын алды
© Сурет: olympic.kz
Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті. Үш матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар бір жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, өз тобында үшінші орынға тұрақтады.
Турнир талаптарына сәйкес, әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ, үшінші орын алған құрамалар арасындағы көрсеткіші жоғары екі команда ширек финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы олардың қатарына ене алмай, жүлде үшін таласты жалғастыра алмады.
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тоғызыншы орынға ие болды.
Қытай, Таиланд, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары жүлдеге таласады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 28 тамыз 2026
Уразбахтин «Қайраттың» Конференция лигасына қатысуы туралы пікір білдірді
-
12:08, 28 тамыз 2026
Қазақстан құрамасы Қытайдағы волейболдан Азия чемпионатындағы жарысты аяқтады
-
10:15, 28 тамыз 2026
Дастан Сатпаев Англия лигасы кубогынан шығып қалғаннан кейін пікір білдірді
-
09:34, 28 тамыз 2026
«Қайрат» «Андерлехттен» тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды
-
18:09, 27 тамыз 2026
«Коло-Коло» сапында дебют жасаған Возинья қақпаға бір де бір допты дарытпады





