Қазақстан құрамасы Қытайдағы волейболдан Азия чемпионатындағы жарысты аяқтады

12:08, 28 тамыз 2026
MKZ: 1563940

© Сурет: olympic.kz

Қытайдың Тяньцзинь қаласында әйелдер арасындағы волейболдан Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті. Үш матчта біздің волейболшыларымыз бір жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты. Нәтижесінде үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир ережесіне сәйкес, әр топтан алғашқы екі орын алған командалар, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалардың арасындағы көрсеткіші үздік екі команда ширек финалға жолдама алды.

Қазақстан құрамасы үздік көрсеткішке ие үшінші орын алған командалардың қатарына кіре алмады және жүлделер үшін күресті аяқтады.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тоғызыншы орын алды. Жүлде үшін күресті Қытай, Таиланд, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Қытайлық Тайбэй, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары жалғастырады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!