Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

17:26, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563785

© Фото: zakon.kz

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқынынан кейін із-түссіз кеткендер іздестіріліп жатыр. Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткен. Жергілікті жердегі отандасымыздың қазіргі орналасқан жері, әзірге белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнатқан. Жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді ол бейсенбіде Zakon.kz тілшісіне.

2026 жылы 26 тамызда Непалда күтпеген жерден жойқын су тасқыны болып, 160-тан астам адам қаза тапты. Табиғи апатқа ірі мұздықтың опырылуы себеп болды. Таңертең Гималайдағы мұздықтардан үлкен бір бөлігі бөлініп, Катмандудан солтүстікке қарай шамамен 60 шақырым қашықтықтағы Непал-Тибет таулы шекарасына жақын маңдағы Лангтанг непалдық ұлттық паркінің аңғарына құлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!