Үздік қазақстандық боксшылар рейтингі анықталды

10:17, 14 ақпан 2017

33-жастағы кәсіпқой боксшы  Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) белбеуі саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр. GGG (36-0, 33 КО) орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иегері.

 Ал Жақиянов – жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы. 

Айта кеткен жөн, Жанат Жақиянов бірер күн бұрын АҚШ-та жергілікті боксшы Роуши Уорренмен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундта екі мәрте нокдаунға түскенімен, қалған уақытта жекпе-жектің тізгінін қолына алып, жеңіске жетті. 

Үздіктер тізімін Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) түйіндеп тұр. 33 жастағы былғары қолғап шеберіне бірінші ауыр салмақ дәрежесінде тұрақты Әлем чемпионы атағы тиесілі. 

Белбеуі бар өзге қазақстандық кәсіпқой боксшылар: Қанат Ислам (22-0, 18 КО - бірінші жартылай орта салмақ) - WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin; 

Александр Журавский (13-2, 11 КО - жартылай орта салмақ) - WBO Oriental; 

Бекман Сойлыбаев (9-0, 4 КО - екінші жеңіл салмақ) - WBC Eurasia Pacific Boxing Council, WBA-NABA USA; 

Иса Акбербаев (18-0, 13 КО - бірінші ауыр салмақ) - Global Boxing Counsil белбеуі (Германия).

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!