«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
© Сурет: instagram.com/fc__ordabasy
"Ордабасы" футбол клубы бас бапкерлікке 50 жастағы молдовалық маман Андрей Мартиннің тағайындалғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Андрей Мартиннің бүгін, 22 желтоқсанда Шымкентке келісімшартқа қол қою үшін келгені белгілі болды.
Бұған дейін ол Молдованың "Петрокуб" командасының тізгінін ұстаған. 2023/2024 жылғы маусымда аталған ұжыммен Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алды. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетті.
Молдовалық маман 1974 жылдың 27 маусымында дүниеге келген, футболшы мансабында қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен.
2008 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық маман Кирилл Кекер бас бапкерліктен кетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 22 желтоқсан 2024
Хоккейден Қазақстанның жастар командасы канадалықтарды ойсырата ұтты
-
13:08, 21 желтоқсан 2024
Зертханада «жасалған» бала: Ерекше технология тәсілімен алғашқы сәби дүниеге келді
-
09:48, 21 желтоқсан 2024
Астанада өткен бокс кеші: Дәулет Дәукенов аргентиналықты мерзімінен бұрын жеңді
-
13:57, 20 желтоқсан 2024
Белгілі қазақстандық футболшы алғаш рет бас бапкер лауазымына ие болды
-
12:23, 20 желтоқсан 2024
Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай теннисшілер кім