Уордтың бапкері Джейкобсты Головкинге қарсы кездесуге дайындайды

08:24, 12 қаңтар 2017

Белгілі бокс маманы Вирджил Хантер америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа көмектеседі.

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA/WBO/IBF чемпионы Андре Уордтың бапкері Дэниелді Головкинге қарсы кездесуге дайындайды. Джейкобс оның Оклендтегі King Boxing залында жаттығады. Вирджил Хантер Джейкобстың бас бапкері Андре Робьенің көмекшісі қызметін атқарады. 

Боксшының айтуынша, Вирджил Хантердің көмегі мен кеңесінің арқасында ол Головкинге қарсы кездесуге сақадай сай дайын болады.  

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек наурыздың 18-і күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!