Шағын футболдан «Kazakh TV» командасы «Хабар» кубогының иегері атанды

10:48, 23 қазан 2017
324

Әлемдік спорт түрлерінен күніге хабар тарататын тілшілер қауымы жасыл алаңда өздері де сынға түсті.

Шағын футбол турниріне қатысуға 200-ге тарта тілші ниет білдірген. Осылайша 16 команда 4 топқа бөлінді. Ойын бірден тартысты басталды. Ұйымдастырушылар мен кәсіпқой аяқдоп шеберлерінің айтуынша, бұл шара да жыл санап өзінің ауқымын кеңейтіп, деңгейін арттырып келе жатыр. Сөйтіп «Астана Арена» стадионында БАҚ өкілдері ала допты ұршықша иірді. Ширек финалда жеңіске жеткендер үздік төрттікті құрады. Ал жартылай финалда ұтқандар «Хабар» кубогын сарапқа салды. Бас жүлде үшін тартыс Qazaqstan мен Kazakh TV ойыншыларының арасында өтті. Шешуші кезеңде 1:0 есебімен Kazakh TV командасы қарсыластарын қапы қалдырды.

Жандос Айтбайұлы, спорт комментаторы, Kazakh TV командасының ойыншысы:

– Біз алдында күміс алғанбыз. Енді алтын алып отырмыз. Жылдан жылға бұл футболдың деңгейі жоғарылап келеді. 16 команданың осалы жоқ. Сонау Алматыдан келіп отырғаннан кейін жігіттер жан аяған жоқ. Төккен тер текке кетпеді. Міне, бас жүлде алып отырмыз.

Источник: khabar.kz


Хотите пропустить важные события? Не подписывайтесь на наш Telegram-канал.


Пікір