Самат Смақов төрешілерге тіл тигізгені үшін бірқатар ойындардан шеттетілді
© Сурет: sport.kz
"Жетісу" футбол клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан премьер-лигасы аясындағы төрт матчтан шеттетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.
19 сәуірде Шымкентте Талдықорғанның "Жетісу" командасы жергілікті "Ордабасыдан" 0:1 есебімен ұтылды. Матч соңында төрешілерден қызыл карточка алған талдықорғандықтардың бас бапкері Самат Смақовтың алаңнан кетуіне тура келді.
22 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша жаттықтырушыны спортқа сай емес мінез-құлық көрсеткені үшін бірқатар ойындардан шеттету туралы шешім қабылданды.
"Ордабасы" - " Жетісу" командалары арасындағы 2025 жылғы ҚПЛ чемпионатының 5-туры аясында өткен матчтың ресми тұлғасына қатысты қорлау сөздерін қолданғаны үшін "Жетісу" командасының бас бапкері Самат Смақов тәртіптік ереженің 45-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, төрт матчтан шеттетіледі. Шетттету мерзімі 2025 жылдың 20 сәуірінен бастап есептелсін", делінген ҚФФ мәлімдемесінде.
Айта кетейік, "Жетісу" қазіргі уақытта өз активінде үш ұпайға ие және Қазақстан премьер-лигасының кестесінде 11-ші орында тұр.
Бұған дейін сайтымызда "Бай команда "кедейді" жеңді". Ашуға мінген Самат Смақов футболдағы шындықты жайып салды" деген материал жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





