Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды
© Фото: zakon.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды.
Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.
Жарыста жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван жетті – 281,69 ұпай. Ал күміс жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді – 272,76 ұпай.
Диас Жиренбаев 186.18 ұпаймен тоғызыншы орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Азия ойындарында бұл спорт түрінен 2017 жылы медаль алған еді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





