Махмұд Сабырхан жекпе-жексіз алтын медальға ие болды

14:26, 6 шілде 2025

© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Махмұд 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Жапония өкілі Руи Ямагучимен қолғап түйістіретін еді.

Алайда, жапониялық боксшы шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) Қазақстан үшін Әлем кубогының екінші алтын медалін жеңіп алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!