Қазақстандық боксшылар Черногорияда өткен 2024 жылғы жастар чемпионатының медальдық есебінде жеңіске жетті
© Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Будвада (Черногория) 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлемдік біріншілік аяқталды. Жарыста Қазақстан құрамасы 17 медальды қанжығалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлем чемпионатының соңғы күні Будвадағы шаршы алаңға "алтын" үшін бақ сынасуға төрт қазақстандық спортшы шықты.
50 келіде Елянур Тұрғанова ирландиялық Карлаг Пикені жеңді. Бексұлтан Боранбек (51 кг) Муневар Морено Джастиннен (Колумбия) басым түсті. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Онер Сейлхан ресейлік Алексей Гуковты ойсырата жеңді.
Ұлдана Таубай (66 кг) жарыстың шешуші жекпе-жегінде Кайла Дойли Бирнге (Ирландия) есе жіберді.
2 қарашада Черногория жарыстарының үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, дәл осы күні Санжарәлі Бегалиев пен Аружан Зейноллаева да "алтын" тұғырға көтерілді.
Осылайша қазақстандық боксшылар 6 алтын, бір күміс, 10 қола медальды қанжығаларына байлады.
Жарыстың қорытындысы бойынша, екінші орынды Өзбекстан және үздік үштікті ресейлік спортшылар тәмамдады.
Бұған дейін Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетіп, қола медаль иеленгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:54, 10 желтоқсан 2024
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында елдің екі рекордын орнатты
-
18:09, 10 желтоқсан 2024
Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 5 алтын, 5 қола медаль
-
17:13, 10 желтоқсан 2024
Конькиші Арина Ильященко жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді
-
16:43, 10 желтоқсан 2024
Елдана Тәліпова бокстан 2024 жылғы Азия чемпионы атағына ие болды
-
16:08, 10 желтоқсан 2024
Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 4 алтын