Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
© Сурет: olympic.kz
Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс аясында әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте спортшылар екі атыс шебінен өтті.
Жеңіс Швеция өкілі Ханна Эбергке бұйырды. Екінші орынды Франция спортшысы Лу Жанмонно иеленсе, Италия құрамасының өкілі Доротея Вирер үшінші нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасының спортшылары із кесу жарысына жолдама берілетін алғашқы 60 биатлоншының қатарына ене алмады.
Нәтижесінде Милана Генева 83-орынға ие болды. Алина Скрипкина 91-орында, ал Дарья Климина 93-орында мәреге жетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 7 қаңтар 2026
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді
-
15:05, 7 қаңтар 2026
Гонконгта семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде ел намысын бір ғана спортшы қорғайды
-
14:33, 7 қаңтар 2026
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді
-
13:50, 7 қаңтар 2026
2026 жылғы Олимпиадаға бір ай қалды: қанша қазақстандық спортшы жолдама алды
-
13:39, 7 қаңтар 2026
Теннисші Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты





