Қазақстан шорт-трекшілері World Tour рейтингінде нешінші орында тұр
© Сурет: olympic.kz
Шорт-тректен жаңа маусым қарқын алып жатыр. World Tour-дың екі кезеңі артта қалды. Қазіргі таңда Қазақстандық спортшылар рейтингтік ұпайлар үшін күресіп жатыр. Отандастарымыз әзірге А финалына шыға алған жоқ, дегенмен құраманың бір өкілі үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
World Tour - бұл бұрынғы әлем кубогы, жаңа маусымнан бастап демеушінің қолдауымен атауы өзгертілді. Сондықтан бұл халықаралық турнир әлі де маусымның негізгі жарыстарының қатарына кіреді.
Екі кезеңде Канадада өтті, жарыстар Монреальда ұйымдастырылды. Айта кетсек, екінші кезең АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтуut тиіс еді. Алайда ұйымдастырушылар техникалық қиындықтарға байланысты ISU-ге жарысты өткізе алмайтынын хабарлады. Нәтижесінде жарысты Канадада қалдыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар Солт-Лейк-Ситиде өтуі тиіс болған төрт құрлық чемпионаты да белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.
Қазақстандық спортшылардың World Tour турнирінде медалдар үшін күресуі әзірге қиындық туғызып тұр. Біздің шорт-трекшілер маусым бойы А финалында өнер көрсете алмады. Тек В финалдарына шықты.
Ал жекелей сында Денис Никиша көзге түсті. Ол 500 метр қашықтықта екі рет В финалына шығып, бірінде екінші орынға ие болды. Қазір оның есебінде 68 ұпай бар және ол World Tour қатысушылары арасында тоғызыншы орынды иеленуде. Абзал Әжіғалиев 16 ұпаймен 18-орында болса, Глеб Ивченко алты ұпай жинап, 23-орынға орналасқан.
1000 метр қашықтықта үздік тізімге тек Ивченко кірді. Ол 14 ұпаймен 23-орынға жайғасты. 1500 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов екі кезең бойынша тек бес ұпай жинап, 27-орынға тұрақтаған.
Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 94 ұпаймен алтыншы орынды сақтап тұр.
Ал әйелдер арасында ең жоғары рейтингке ие спортшы - Ольга Тихонова. Ол 1000 метр қашықтықта жарысатын спортшылар арасында 15-орында тұр. Тихонова екі кезең қорытындысы бойынша 24 ұпай жинады. Ал 500 метр қашықтықта үздік тізімге тек Яна Хан кірді. Ол алты ұпайымен 23-орынға тұрақтады.
1500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасының екі спортшысы ұпай жинады. Ольга Тихонова алты ұпаймен 25-орында, ал Алина Әжіғалиева бес ұпаймен 27-орында тұр.
Эстафетада біздің спортшылар үздік ондыққа кірді. Команда 72 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Ал аралас эстафетада Қазақстан 64 ұпаймен тоғызыншы орында.
Сонымен қатар, World Tour аясында барлық қашықтықтар бойынша жалпы рейтинг есептеледі. Ерлер арасында рейтингтің көшін канадалық Уильям Дандижну 500 ұпаймен бастап тұр. Екінші орында итальяндық Пьетро Сигель (328 ұпай), ал үшінші орында нидерландылық Йенс Ван т’Ваут (276 ұпай). Қазақстандық Денис Никиша 20-орында (68 ұпай), Глеб Ивченко 31-орында (20 ұпай), Абзал Әжіғалиев 36-орында (16 ұпай), Әділ Ғалиахметов 43-орында (5 ұпай) тұр.
Әйелдер арасында жалпы есепте нидерландылық Ксандра Вельзебор көш бастап келеді (416 ұпай). Одан кейін оңтүстік кореялық Мин Джон Чхве (398 ұпай) және Джилли Ким (362 ұпай) орналасқан. Ольга Тихонова 30-орында (30 ұпай), Яна Хан 37-орында (6 ұпай), Алина Әжіғалиева 39-орында (5 ұпай) тұр.
Еске салайық, World Tour кезеңдерінде барлығы 12 қазақстандық спортшы өнер көрсетіп жатыр. Оның алтауы ер және алты әйел спортшы.
Ерлер құрамасы:
• Денис Никиша;
• Абзал Әжіғалиев;
• Еркебұлан Шамұханов;
• Әділ Ғалиахметов,
• Глеб Ивченко;
• Айбек Насен.
Әйелдер құрамасы:
• Ольга Тихонова;
• Яна Хан;
• Малика Ермек;
• Алина Әжіғалиева;
• Мадина Жанбосынова;
• Зейнеп Құмарқан.
Бұған дейін бапкерлер құрамы екінші кезеңнен кейін ерлер құрамына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеген еді. Ерлер командасында Мерсаид Жақсыбаев алдыңғы әлемдік турнирлерге қатысқан спортшылардың бірін алмастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:54, 10 желтоқсан 2024
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында елдің екі рекордын орнатты
-
18:09, 10 желтоқсан 2024
Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 5 алтын, 5 қола медаль
-
17:13, 10 желтоқсан 2024
Конькиші Арина Ильященко жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді
-
16:43, 10 желтоқсан 2024
Елдана Тәліпова бокстан 2024 жылғы Азия чемпионы атағына ие болды
-
16:08, 10 желтоқсан 2024
Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 4 алтын