Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды

17:50, 20 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы Габриэль Диалломен кездесті.

Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Карен Хачанов алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Ал канадалық Габриэль Диалло жеті эйс пен алты брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!