Қан мен тер болады. Әлем бұл оқиғаға дайын деп үміттенемін – «Канело»

12:34, 18 тамыз 2017

Альварес Головкинмен өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны түсірілген видеосын жариялады.

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны түсірілген видеосын жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Әлем бұл оқиғаға дайын деп үміттенемін. Бұл менің дәуірім!», – деп жазған «Канело» Twitter желісіндегі парақшасында.

«Қан мен тер болады. Бірақ бұл соған тұрарлық болады», – дейді мексикалық боксшы.

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!