«Қайрат» пен «Қайсар» ҚПЛ-2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады
© Сурет: "Қайрат" ФК
Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында кейінгі бір айда бір-бірімен үш рет кездескен "Қайрат" пен "Қайсар" командалары бүгін Орталық стадионда тағы да жолықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел чемпионы өз алаңында жанкүйерлер қолдауына қарамастан, қызылордалық ұжымды жеңе алмады. Қонақтар қорғанысқа басымдық беріп, матчты голсыз тең нәтижемен аяқтады — 0:0.
Осы кездесуден кейін де алматылық клуб турнир кестесінің көшін жалғастырып келеді. Команданың еншісінде 26 ұпай бар.
Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын ұжым Қазақстан кубогында "дала қасқырларына" есе жіберсе, кейін ҚПЛ-2026 аясындағы кейінге шегерілген матчта оларды жеңген болатын.
ҚПЛ-2026-ның 11-туры 22 мамырда басталды. Сол күні өткен кездесулердің нәтижелері:
- "Алтай" – "Оқжетпес" – 0:1
- "Астана" – "Ұлытау" – 3:0
- "Каспий" – "Ертіс" – 2:2
Бүгін сондай-ақ "Жетісу" мен "Атырау" Талдықорғанда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ал "Елімай" өз алаңында "Жеңіс" клубын 2:1 есебімен жеңді.
Қазір 11-турдың соңғы алдындағы матчы өтіп жатыр: "Ақтөбе" өз алаңында "Қызылжар" командасын қабылдауда. Әзірше есеп ашылған жоқ — 0:0.
Ал турдың соңғы ойыны Қостанайда өтеді. Онда "Тобыл" мен "Ордабасы" кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:26, 9 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
-
18:05, 9 маусым 2026
Щучьеде велоспорттан тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді
-
17:45, 9 маусым 2026
АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық жүзушілер төрт медаль жеңіп алды
-
17:03, 9 маусым 2026
Қазақстан волейболдан AVC Ұлттар кубогында өз тобында көш бастады
-
22:49, 8 маусым 2026
Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында 20 алтын медаль жеңіп алды





