Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің екінші раунды қашан басталатыны белгілі болды
© Сурет: Instagram/fifaworldcup
2026 жылдың 4 шілдесінде футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалының матчтары басталады. Ағымдағы турнирдің плей-офф кезеңінің екінші раундында 16 команда өзара бақ сынасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мундиальдың екінші раундының шымылдығын Канада мен Марокко командалары түретін болады. Матч 4 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады. Көрермендер аиалған ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден көре алады.
Ал 5 шілдеге қараған түні сағат 02:00-де алаңға Франция мен Парагвай құрамалары шығады.
2026 жылғы Әлем кубогының 1/8 финалының қалған жұптары мыналар:
- Бразилия-Норвегия (6 шілде – 01:00);
- Мексика-Англия (6 шілде – 05:00);
- Португалия-Испания (7 шілде – 00:00).;
- АҚШ-Бельгия (7 шілде – 05:00);
- Аргентина-Египет (7 шілде – 21:00);
- Швейцария-Колумбия (8 шілде – 01:00).
Бұған дейін Колумбия Гананы жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің бірінші раундын түйіндегені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 15 тамыз 2026
Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы алтын белбеуді жеңіп алды
-
18:37, 15 тамыз 2026
Қазақстан көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
-
18:21, 15 тамыз 2026
Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды
-
17:41, 15 тамыз 2026
2026 жылғы Азия ойындары: ат спортынан Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
-
16:51, 15 тамыз 2026
«Қатты шаршадым»: Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді





