Фрэнк Уоррен: Сондерстің қарсыласы Головкин емес

14:36, 21 сәуір 2017

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уорренің айтуынша, оның шәкірті келесі кездесуін Геннадий Головкинмен емес, басқа бір боксшымен өткізеді.

«Алдымыздағы аптада Биллидің келесі жекпе-жегін жариялаймыз. Жекпе-жек шілде айында өтеді. Өкінішке қарай, қарсыласы Головкин емес», – деді Уоррен. 

Естеріңізге сала кетсек, Сондерс пен Головкиннің командалары жекпе-жекке қатысты ұзақ келіссөздер жүргізген болатын.

prosports.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!