ӘЧ: Қазақстан хоккейшілері Австриядан басым түсті

09:27, 23 сәуір 2017

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Австриядан басым түсті.

Бұл матч тағдыры 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Эдуард Занковц шәкірттерінің келесі ойыны бүгін Астана уақытымен 20:00-де басталады. Хоккейшілеріміздің қарсыластары – Оңтүстік Корея. 

Ал алты құраманың қатысуымен Киевте өтіп жатқан әлем біріншілігі 28 сәуірде аяқталады. Бірінші және екінші орын алған командалар 2018 жылы элиталы дивизиондағы әлем чемпионатына қатысады, деп жазады Vesti.kz.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!