Чемпион Чонтейді ҰОК президенті Тимур Құлыбаев құттықтады

© olympic.kz
Жанкүйер оның 2018 жылы Ашхабадта алған күмісін ұмытқан жоқ
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Арли Чонтейді құттықтады деп хабарлайды Zakon.kz.
- Қазақстандағы барша олимпиадалық жанұя атынан Сізді Ташкенттегі әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен құттықтаймын.
Сіздің алтын жүлдеңіз жылдар бойы жалғасқан тынымсыз жаттығу мен еңбектің арқасында келді. Жанкүйерлер сіздің 2018 жылы Ашхабадта жеңіп алған күміс жүлдеңізді ұмытқан жоқ.
Бүгінгі керемет көрсеткіштен соң адал еңбектің жақсы нәтижемен оралатыны тағы да дәлелденді. Ұзаққа созылған пандемия барлық салаға салқынын тигізіп, спорттық жарыстар күнтізбесіне де өзгеріс енгізген шақта чемпион атану жеңістің бағасын одан әрі арттыра түседі.
Сіздің бапкерлеріңіз Михаил Сорокин мен Виктор Ниді де жетістігімен құттықтаймын!
Бұл жеңіс үлкен спорттағы қадамын енді аттаған көптеген жас атлеттерге жігер беретініне сенімдімін! Зор денсаулық пен толағай табыстар тілеймін, - делінген құттықтауда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды