Чемпион Алуа Балқыбекова өз отбасындағы қиын жағдаймен бөлісті

© Сурет: olympic.kz
Бокстан Әлем чемпионатында күні кеше алтыннан жүлде тағынған Алуа Балқыбекова өз отбасындағы қиыншылықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Youtube-тегі Спорт министрі арнасының тілшісі Алуадан осы жарыста алатын сыйақысын қайда жұмсайтынын сұрады. Ол көп кідірместен әкесіне көлік сатып алып бергісі келетінін айтты.
"Бертінде анам дүниеден озған соң Тараздан Алматыға көшіп келген едік. Баспананы ипотекалық несиеге тіркеттік. Сол кезде қатты қиналдық. Қарызға кіріп кеттік. Бұл - әлем чемпионатына дейін болған жағдай. Сол кезде әкем көлігін сатты, менің әлем чемпионатына баруым үшін", - дейді спортшы ішкі эмоцияларын сыртқа білдірмеуге барынша тырысып.
Сондай-ақ ол қазір де сол үйде тұрып жатқандарын, отбасында әкесі, әпкесі және жиенін қоса алғанда төрт жан екендерін айтады.
Бұған дейін Сербияда бокстан өткен Әлем чемпионатында жүлделі болған сұлуларымыздың қанша гонорар алатынын жазған болатынбыз. Аталған додада қыздарымыз үш алтын медаль, екі күміс медаль және бір қола медаль еншілеген болатын. Алуа Балқыбекова алтын медаль иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:58, 21 сәуір 2025
Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді
-
14:27, 21 сәуір 2025
Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке ерекше сый тарту етті
-
10:46, 20 сәуір 2025
Жібек Құламбаева W100 сериялы турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды
-
09:57, 20 сәуір 2025
«Бай команда «кедейді» жеңді». Ашуға мінген Самат Смақов футболдағы шындықты жайып салды
-
20:42, 18 сәуір 2025
Спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі: Нариман Құрбанов қола жүлдегер атанды