Бразилияда қала әкімі мен депутат даулы мәселені жұдырықпен шешті

© Сурет: pixabay
Бразилияның Реслинг қаласының мэрі Симау Пейшот пен депутат Ирина Альвес Да Сильва ММА ережелері бойынша дуэль өткізді, деп хабарлайды Zakona.kz.
Қос шенеунік жергілікті мектептің спортзалында рингке шықты.
Сильва қала басшысын Пейшотты өзен маңындағы аквапаркты сақтап қала алмағаны үшін сынап, оны "жемқор", "алаяқ" деп айыптаған. Түйткілді мәселені жұдырықпен шешпекші болып, депутат қарсыласын рингке шақырды. Қала басшысы бұл ұсынысты қабыл алды.
Мен боксшы емеспін, мен қала басшысымын. Мені жекпе-жекке шақырған соң, қарап тұра алмадым. Реслинг қаласының мэрі Симау Пейшот
Жекпе-жек жергілікті мектептің спортзалында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары шенділердің төбелесін көру үшін залға билет сатып алып кірді. Ғимаратқа сыймағандары жекпе-жекті ғаламтор арқылы тамашалады. Түскен қаражат мұқтаж жандарға берілді.
Жекпе-жек үш раундтқа ұласты. Депутаттың ауыр соққыларына қарамастан, қала басшысы ұпай саны бойынша басым түсіп, жеңімпаз атанды. Осылайша мэрдің дегені болып, өзеннің жанындағы аквапарк алдағы уақытта сүріледі.
Жекпе-жектен кейін Пейшоттың басы бәлеге қалды. Себебі прокуратура мамандары қала басшысын мемлекеттік бюджет есебінен жекпе-жек ұйымдастырды деп айыптап, тексеру жүргізіп жатыр. Құзырлы орган шараның есеп-қисабын дайындау үшін Пейшотқа бес күн уақыт берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды