Бокстан Әлем чемпионатында жүлделі болған сұлуларымыздың қанша гонорар алатыны белгілі болды
© Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Қазақстан бокс федерациясы 8-16 наурыз аралығында Сербияда өткен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатынын айтты. Аталған додада қыздарымыз үш алтын медаль, екі күміс медаль және бір қола медаль еншілеген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы әрі жүлдегері атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан келесі ақшалай сыйақыға ие болды:
- Назым Қызайбай (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
- Алуа Балқыбекова (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
- Аида Әбікеева – (алтын медаль) 100 мың АҚШ доллары
- Виктория Графеева (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
- Елдана Талипова (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
- Наталья Богданова (қола медаль) – 25 мың АҚШ доллары
Сонымен қатар, аталмыш боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады:
- Назым Қызайбай (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
- Алуа Балқыбекова (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
- Аида Әбікеева (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
- Виктория Графеева (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
- Елдана Талипова (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
- Наталья Богданова (қола медаль) – 25 мың АҚШ доллары
Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.
Әлемдік деңгейде Қазақстан намысын қорғап, жүлделі болған осы сұлуларымыздың мына видеосы желіні "жарып" жатыр.
Бұған дейін бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





