Бокс: М.Әшкеев пен М.Нұрсұлтанов Коннектикутқа аттанды

11:23, 13 сәуір 2017

Қазақстандық боксшылар Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов Лос-Анджелестен Анкасвилл (Коннектикут штаты, АҚШ) қаласына аттанды. Бұл жақта боксшылар өз жекпе-жектерін өткізеді.

Аталмыш бокс кеші 15 сәуірде болады. Әшкеев сегіз раундтық кездесуде америкалық Шон Кэмеронмен жұдырықтасады. 

Ал Нұрсұлтанов алты раундтық жекпе-жекте мексикалық Хавьер Ольверамен күш сынаспақ.

«Жекпе-жекке үш күн қалғанда Коннектикутқа ұштық. Бізге сәттілік тілеңіздер!», – деп жазды Әшкеев Инстаграмдағы парақшасында.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!