Бейбіт Қорғанов жастар арасындағы әлем чемпионатын аяқтады

18:14, 22 қазан 2024

© Сурет: United world wrestling

Грек-рим күресінен қазақстандық балуан Бейбіт Қорғанов Тиранда (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Жұбаныш айналымына жеткен спортшы германиялық Антон Вьювегке қарсы тұрды.

Қорғанов қарсыласынан мерзімінен бұрын жеңіліп (0:9), әлем чемпионатынан шығып қалды.

Айта кетелік, бүгін, 22 қазанда әлем біріншілігінің екінші күні өтіп жатыр.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!