«Барыс» Қазанда «Ак Барсты» жеңді

© hcbarys.kz
Ойынның үшінші кезеңі бәрін шешті
ҚХЛ-да ойнап жүрген "Ак Барс" пен "Барыс" хоккейшілері Қазан қаласында кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Барыстың" жаттықтырушылар штабы өткен матчпен салыстырғанда бір ғана өзгеріс жасады. Төртінші буында Якоб Берглундтың орнына Дмитрий Гурков төбе көрсетті.
Бірінші кезеңде ойында алаң иелері ширақ қимылдап, басымдық танытып жатты. Алайда көрермендер гол көрмеді.
Есесіне екінші кезеңде Егор Шалапов қарымта шабуыл ұйымдастырып жіберіп, Якоб Лилья сылқ еткізіп, шайба салды.
Үшінші кезеңнің ортасында Роман Старченко керемет пас жасап, Аркадий Шестаков екінші шайбаны қақпаға тықты.
Кездесудің соңғы минутында алаң иелері тарапынан Дмитрий Воронков көзге түсті.
Ак Барыс " – " Барыс "кездесуінің қорытындысы" – 1:2 (0:0, 0:1, 1:1).
0: 1 – 21:46- Лилья (Шалапов)
0: 2 – 50:25- Шестаков (Старченко)
1:2-58 – 19- Воронков (Кагарлицкий, Уил)
Қақпашылар: Билялов - Ортио.
9 желтоқсанда" Барыс "Сочиді қабылдайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды
-
20:53, 3 қараша 2022
Алматы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңін қабылдайтын болды