ATP 250 Almaty Open финалистері кімдер

09:15, 20 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

ATP 250 Almaty Open турнирі мәресіне жетуге жақын. Кеше, 19 қазанда жартылай финалдық матчтар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 118-ракеткасы Габриэль Диалло (Канада) ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалында турнирдің төртінші ракеткасы, аргентиналық теннисші Франсиско Серундолоны (31 ATP) ұтты – 6:4, 6:2.

Габриэль Диалло, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2024 09:15

Сурет: ktf.kz

23 жастағы канадалық осы нәтижесінің арқасында дүйсенбіден бастап әлемдік рейтингіде алғаш рет топ-100 қатарына енеді.

Ал әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов жартылай финалда ATP рейтингінде 85-орында тұрған Аустралия өкілі Александр Вукичті 6:7 (3:7), 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Карен Хачанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2024 09:15

Сурет: ktf.kz

Матч 2 сағат 14 минутқа созылды. Хачанов ойын кезінде 15 рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Айта кетейік, Almaty Open турнирінің жекелей сындағы финалдық матчтары бүгін, 20 қазанда сағат 15:00-де өтеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!