Астанада самбодан әлем чемпионаты басталды
© Фото: zakon.kz
Бүгін, 8 қарашада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеде әлемнің 80 мемлекетінен келген 470 спортшы бақ сынайды. Ал ел намысын 28 спортшы қорғайды.
Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысып, сайысқа түсетін саңлақтарға сәттілік тіледі. ⠀
Айта кетейік, самбодан еліміздегі алғашқы әлем чемпионаты 2005 жылы Астанада өтіп, жерлестеріміз бір алтын, үш күміс, алты қола медаль жеңіп алған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 9 желтоқсан 2024
Шорт-трек: Қазақстан әйелдер құрамасы World Tour рейтингінде үздік бестікке енді
-
11:15, 9 желтоқсан 2024
Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады
-
08:32, 9 желтоқсан 2024
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында жеңіске жетті
-
17:43, 8 желтоқсан 2024
Азия чемпионаты: Диас Молжігітов те финалға шықты
-
16:54, 8 желтоқсан 2024
Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ақтық сынына өтті