Америкалық журналистер қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірді

Америкалық журналистер қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірді.
Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі Пол Стюарт қазақ боксшыларының сәтті өнер көрсетуінің сыры неде екенін білу үшін Қазақстанға келді.
Стюарт Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің отбасында қонақта болып, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сұхбаттасты. Оған қоса қазақтар жылқыны қалай өсіріп, баптайтынын өз көзімен көріп, қазы-қартадан дәм татты.
«Бокста жетістікке жету үшін белгілі бір факторлар жиынтығы әсер етеді дейді. Бұл ретте қазақтардың тамыры тереңде жатқан ұлттық намысын, тағамы мен сүйікті спортына деген адалдығын айтуға болады. Ғасырлар бойы жылқы көшпенді халықтың мінсе көлігі, жесе асы болды», – дейді Стюарт.
Стюарттың ойынша, Қазақстанның мықты боксшыларының бойында жеңіске жетуге мүмкіндік беретін ата-баба рухы, қайсар мінез бен ерік-жігер бар. Қазақтарда ешқандай халықтың мәдениетінде жоқ бірлік бар деп қорытындылады фильм авторы.
Источник: khabar.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
08:45, 9 желтоқсан 2019
Зайнутдинов екі доп соғып, «Ростов» «Спартакты» сан соқтырды
-
10:46, 6 желтоқсан 2019
Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Қазақстаннан көмек сұрайды
-
13:52, 18 қараша 2019
Қазақстандық әскери спортшы панкратион бойынша әлем чемпионы атанды
-
10:42, 15 қараша 2019
«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчына билет құны 55 мың теңгеге жетеді
-
09:36, 15 қараша 2019
Нұр-Сұлтанның «Барысы» ҚХЛ-да тағы ұтылды
Пікір