Альварес-Чавес жекпе-жегі 6-шы мамыр күні өтеді

15:51, 14 қаңтар 2017

Мексикалық боксшылар Сауль «Канело» Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес жекпе-жекке шығу үшін келісім шартқа қол қойды, деп жазады boxingscene.com.

Жекпе-жек 6-шы мамырға белгіленген. Ол күні Мексиканың ұлттық мейрамы тойланады. Кездесу 164, 5 фунт салмақ дәржесінде өтпек. Бокс кешін  HBO арнасы  PPV жүйесі арқылы көрсетеді. 

Жақын арада жекпе-жектің өту уақыты анықталады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Чавес отандасының барлық талаптарына барып, сыйақы мөлшерін 6 миллион долларға дейін қысқартқанын мәлімдеген болатын. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!