Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен барды
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 15 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді. 17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр".
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 11 қазан 2026
«Тың серпін береді» – Тоқаев Бельгия королі мен патшайымының сапары туралы
-
21:54, 11 қазан 2026
Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
-
19:14, 5 қазан 2026
Тоқаев: Оман – экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен мемлекет
-
14:11, 2 қазан 2026
Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
-
21:18, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев Бавариямен технология, энергетика және инвестицияны талқылады







