Тоқаев Бавариямен технология, энергетика және инвестицияны талқылады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрінің орынбасары – Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны және Мюнхенде технологиялық форум өткізуге қолдау көрсеткені үшін Хуберт Айвангерге алғыс айтты.
Кездесуде Қазақстан мен Бавария компаниялары арасындағы тікелей іскерлік байланысты нығайту және технологиялық серіктестікті кеңейту перспективасы талқыланды.
Германия аймақтарының арасында Бавария Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі саналатыны аталып өтті.
Мемлекет басшысының пікірінше, сауда-саттықты ұлғайту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарында әлеует жеткілікті.
Хуберт Айвангер Бавария бизнесінің өзара тиімді кооперацияны дамытуға айрықша қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның пікірінше, екі ел экономикасының өзара үйлесімділігі – Бавария компаниялары үшін үлкен мүмкіндік.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуберт Айвангер жоғары технология, өнеркәсіп, энергетика, инновация және өңірлік даму салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар аударды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Бавария ықпалдастығының мазмұнын арттыруға ниетті екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:47, 7 қараша 2026
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
-
15:05, 7 қараша 2026
Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды
-
14:30, 7 қараша 2026
Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
12:52, 7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді
-
14:20, 30 қазан 2026
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі әлемінің бірлігі туралы айтты





