Тоқаев пен Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері белгілі болды
© Сурет: akorda.kz
Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.
Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.
Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.
Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды.
Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:26, 8 шілде 2026
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады
-
18:21, 2 шілде 2026
Қазақстан жаһандық порт операторымен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді
-
18:01, 2 шілде 2026
Тоқаев ел ішінде толық ядролық отын циклін дамыту қажеттігін айтты
-
17:46, 2 шілде 2026
Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентімен қандай мәселелерді талқылады
-
17:37, 2 шілде 2026
Тоқаев Ислам даму банкі жиынын Қазақстанда өткізуді қолдады





