Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты Жезқазған маңына сәтті қонды

16:09, 26 шілде 2026
MKZ: 1558091

© Сурет: видео скрині

"Союз МС-28" басқарылатын ғарыш кемесі ғарыштық миссиясын сәтті аяқтады. 26 шілдеде Астана уақытымен сағат 15:27-де кеменің жерге қону аппараты Жезқазған маңына штаттық режимде қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерге Роскосмос ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ NASA астронавты Кристофер Уилльямс оралды.

Таңертең ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясындағы "Рассвет" модулінен штаттық режимде ажырап, кейін орбитадан шығып, Жерге түсу маневрін орындады. Қайту үдерісінің барлық кезеңі ұшу бағдарламасына сәйкес өтті.

Экипаж өткен жылдың қараша айынан бері Халықаралық ғарыш станциясында болып, ғылыми зерттеулер жүргізді, түрлі тәжірибелер орындады және станцияның қалыпты жұмысын қамтамасыз етті.

Қонғаннан кейін экипажды алдын ала қону аймағына орналастырылған іздестіру-құтқару қызметінің мамандары қарсы алды. Сондай-ақ Роскосмостың арнайы іздестіру-құтқару жасағы да ғарышкерлерді қарсы алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!