Алматының екі ауданында газ уақытша өшіріледі

11:45, 26 шілде 2026
MKZ: 1558066

© Фото: pxhere

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 мм және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі, Фариза Оңғарсынова көшесімен шектелген аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.


"Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдауды сұраймыз", - делінген хабараламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!