Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады. Мерейтойлық сессия "Біз қалайтын болашақ, бізге қажет Біріккен Ұлттар Ұйымы: мультилатерализмге ұжымдық бейілділігімізді нақтылау" деген ұранмен өтеді. Бұл туралы Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бас Ассамблеяның сессиясы әлі жалғасып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайында өтетіндіктен, мемлекеттер басшыларының сөйлейтін сөздері бейне байланыс форматында болады деп жоспарланған.
"Қазақстан Президенті 21 қыркүйекте БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуге, 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатына қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдығына және Жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды", деп жазды Берік Уәли.
Қазақстан Президенті өз баяндамаларында халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісіндегі әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылдарын үйлестірудің маңыздылығын, атап айтқанда коронавирус індетімен күрес, жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, климаттың өзгеруі сияқты проблемаларды көтереді.
Мемлекет басшысы БҰҰ-ға қатысты сыни пікірлердің айтылғанына қарамастан, ол әлемдік саясатта шешуші рөл атқаратын баламасы жоқ әмбебап ұйым екеніне тоқталып, 2030 жылға дейінгі Күн тәртібіндегі тұрақты даму мәселелердің жүзеге асырылуы, халықаралық саясаттағы БҰҰ-ның рөлін күшейту, Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастық салалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді қозғап, бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 11 маусым 2025
Роберт Фицо Ақордаға ресми сапармен келді – фоторепортаж
-
14:10, 9 маусым 2025
Қазақстан мен Болгария энергетика, көлік және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті
-
13:36, 9 маусым 2025
Қазақстан мен Болгария қандай құжаттарға қол қойды
-
19:15, 30 мамыр 2025
«ОА+Италия» бірінші саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен декларация қабылданды
-
12:49, 30 мамыр 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони арасындағы келіссөздер: олар нені талқылады