Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады.
"Интеграциялық бірлестік жұмыс істеп жатыр және оның болашағы зор деп санаймын. Құрметті Төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына өз үлесімді қосамын", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі ел арасындағы қатынастар тату көршілік пен одақтастық рухында және қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.
Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
"Біз саяси диалогты жалғастырып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп отырамыз. Біздің елдеріміздің үкіметтері қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға жетті. Бұл жақсы көрсеткіш", — деді Ресей Президенті.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әлемдік көмірсутегі нарығындағы ахуал туралы пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:23, 12 қараша 2020
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
-
14:50, 9 қазан 2020
Үкімет басшысы Асқар Мамин Ереванға барды
-
21:36, 18 қыркүйек 2020
Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады
-
17:19, 6 наурыз 2020
Елбасы Қазақстанның Ресеймен байланысын жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді
-
16:54, 6 наурыз 2020
Медведев: Біз Қазақстанда жүріп жатқан саяси процестерді жіті бақылап отырмыз
Пікір