Соңғы қоңырау есте қалсын десеңіз...

18:54, 24 мамыр 2017
507

Соңғы қоңырау сыңғыры да естілуге таяу. Бітіруші түлектердің жүрегінде қобалжу. Үлкен өмірге қадам басуға аз қалды.

«Соңғы қоңырау» мерекесі есте қалсын десеңіз, мына жайларға мән беріңіз!

Соңғы қоңырау – балалықпен қоштасу

Иә, есіңізде осылай қалдырыңыз. Сіз енді мектеп оқушысы емес, ересектер өміріне қадам басқан азаматсыз. Жауапкершілікті сезініңіз!

Соңғы қоңырау – армандарға бастар жол

Сыңғыр еткен үнді жай қабылдап қана қоймай, әрбір сыңғырын арманымның бастауы деп түсініңіз. Мақсатыңыз жақсы азамат, білікті маман болуға талпыну. Ол үшін сынақтардан сүрінбей өту керек.

Соңғы қоңырау – мектептің соңғы үзілісі

Қоңырау соғыла сала далаға демалуға шығатын сәттеріңіз есіңізде болар. Әрбір қоңырау кезіндегі күбір-күбір әңгімелер сізді қайта мектепке алып келмесе де, жадыңызда сақталады. Себебі сіз сезінесіз. Сіз ендігі өмірде ондай үзіліс болмайтынын ұғынасыз.

Соңғы қоңырау – ұстазды еске алу

Сыңғыр еткен үннен селт етіп оянған сәттеріңіз, сыныпқа ұстаздың кіріп келген шағы – бәрі есіңізде қалады. Тек соңғы қоңырауда қатарда тұрған кезде осының бәрін ойлаңыз. Қайтып келмейтінін ескеріңіз.

Соңғы қоңырау – достықтың әуені

Мектеп қабырғасындағы соғылған әрбір қоңырауда жаңа достармен танысасыз. Олармен әңгіме-дүкен құрып, сырласасыз. Дәл қазір сол достарыңыз қасыңызда сізбен бірге нағыз өмірге қанат қаққалы тұр. Олар қайтып қоңырау үніне келетін-келмейтіні белгісіз. Сондықтан қадірін біліңіз!

Соңғы қоңырау есте қалсын десеңіз, сол сәттің әрбір минутын сезініңіз. Достарды, ұстазды, тіпті сыныптағы ең бұзық оқушы мен ең сұлу қызды ойлаңыз. Себебі бұл сәт қайтып келмейді. 


Дереккөз: massaget.kz


Хотите пропустить важные события? Не подписывайтесь на наш Telegram-канал.


Пікір