Қырық жастағы жігіттің жиырмадағы бозбалаға айтқаны
Жасы қырыққа келгендердің көбі «әттең, 20 жасымда былай ету керек еді, былай етпеу керек еді» деп жиі өкінеді. Жүздің жартысына жақындап, талай қиындық пен сыннан өткен ер жастарға қандай кеңес береді?
1. Темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болыңыз. Бірнеше сағаттық ләззат, босаңсыған күй проблемаларды шешпейді. Керісінше, арылмас әдетке айналуы мүмкін.
2. Ең қиын деген мәселеге тап болғанда ғана қарыз сұраңыз. Бизнеске, көлікке, ұялы телефонға, сүйіктіңізге сыйлық алу үшін қарыз сұраушы болмаңыз. Ақшаңыз жетпей ме? Басқа амал іздеңіз не кейінге қалдырыңыз. Несие – тікелей кедейлікке апаратын жол. Ал егер алып қойған болсаңыз, тездетіп жабуға тырысыңыз.
3. Сізге ешкім ештеңе қарыз емес. Мемлекет, ата-ана, қоғамнан бір нәрсе талап ету қате. Қалаған нәрсе, дүниеге өз бетіңізбен ақша тауып, қол жеткізуіңіз керек.
4. Өзіңізді тоқтата біліңіз. Бір-ақ рет өмір сүреміз деп білгенін жасайтын жастар баршылық. Артынан ұялып, өзін қоярға жер таба алмай жүреді. Су жаңа айфон алмасаңыз, Ыстық көлге демалуға бармасаңыз, ештеңе етпейді. Уақытты, ақшаны үнемдеуге жас кезіңізден бастап әдеттеніңіз.
5. Өзіңізді құрметтеңіз. Бұл дегеніміз мақтаншақтық, менмендік қасиеттерінен аулақ болу. Біреудің көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз. Дүниеңізбен мақтанбаңыз. Киім-кешек, көлік, смартфонның бар жоғы сіздің тұлғалық қасиеттеріңізге әсер етпеуі керек.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!