Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады
© Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн райы күрт нашарлайды. "Қазгидромет" РМК мамандарының 2026 жылғы 5-7 қарашаға арналған болжамына сәйкес, елдің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ күн суытып, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, осы уақытқа дейін жауын-шашынсыз ауа райын сақтап келген антициклон елімізден алыстайды.
"Оның орнын солтүстік циклонның терең ойығы басады. Соның салдарынан алдағы үш күнде алдымен батыста, кейін Қазақстанның қалған аумағында күн райы нашарлайды. Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің нақтылауынша:
- 5-6 қарашада еліміздің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі;
- 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады.
- "Қазақстанның барлық аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Метеорологтердің мәліметінше, ауа температурасы мынадай болады:
- Батыста: түнде 0...+7°C, күндіз +3...+14°C;
- Солтүстік-батыста: түнде -1...-8°C, күндіз +1...+15°C;
- Солтүстік пен орталықта: түнгі температура -3...-8°C-тан +1...+6°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +5...+13°C-тан +1...+10°C-қа дейін төмендейді;
- Шығыста: түнде ауа температурасы -3...-8°C-тан 0...+5°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +3...+8°C-тан +7...+12°C-қа дейін жоғарылайды;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста: ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 4, 5 және 6 қарашада күн райы қандай болатынын мына материалдан білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:10, 4 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында әуежайлар қашан іске қосылады
-
12:41, 4 қараша 2026
Алматы метросынан төрт есе ұзын: Қытайда Азиядағы ең ұзын айналма метро желісі ашылды
-
12:03, 4 қараша 2026
100 млн теңгеге бағаланған құстарды шетелге алып өтпек болған: қазақстандық ұсталды
-
11:40, 4 қараша 2026
4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы
-
11:28, 4 қараша 2026
Конституциялық сот жаза өтеу шарттары мен қамауда болған уақытты есепке алу тәртібін қайта қарады





