Адамдардың сізді ұнатқанын қалайсыз ба?

18:38, 27 мамыр 2017

Қоғам – адамдардың жиынтығы. Бұл жерде түрлі жанр, түрлі кеңістік, мыңдаған алуан-алуан әлеуметтік мәселелер бар. Соның ішінде айналадағы адамдарға жағу, оларға ұнау көптеген адамның ішкі түйсігіндегі мәселе болып келеді. Себебі адам баласының бәріне ұнауы мүмкін емес. Сіздің жақсы жағыңызды біреу байқайды ал біреу байқамайды. Ал бәріне бірдей жағу үшін, ұнау үшін не істеу керек?

«How To Talk To Anyone» - Лейл Лаундестің ең көп оқылған кітаптарының бірі. Аталған кітап сізді бәріне бірдей ұнауға апаратын дене тілі әрекетімен үйретеді. 

1. Күлімдеу

Адаммен кездескен кезде оның жүзіне қарап бірден күлмеңіз. Егер сіз осылай жасайтын болсаңыз. Ол сізді жалпы күліп жүретін адам екен деп елестетіп қалуы мүмкін. Мұның орнына сіз кездескен адамыңыздың жүзіне аз уақыт қарап болғаннан кейін барып күлімдеңіз. Сіздің аз да болса арада ұстап қалған уақытыңыз оған әсер етуі бек мүмкін. Ал одан кейінгі күлкіңіз оған жақсы жағынан әсер етеді. Себебі қарсы жақтағы адам сізді өзіне қарап арнайы күліп тұр екен деген сезімде болады.

2. Көзқарас 

Сөйлесіп тұрған адамның көзіне мән беріңіз. Тіпті оның көзқарасын өзіңізге қалыптастырып үлгеріңіз. Бұл әдіс арқылы сіз оның көңілін тез табасыз және оның сізге деген жақсы қарым-қатынасы оянуы мүмкін. 
3. Көзбе-көз қадалу 
Көпшілік ішінде сөйлеп тұрған, өзіңізге ұнап тұрған адамның сізге назарын бұрғыңыз келсе одан көз алмаңыз. Ол сөйлеген сайын көзіне алыстан мейлі жақыннан болсын қадала қараңыз. Оның айтып тұрған әңгімесіне сүйсініп тұрғандай кейіп танытып тұрыңыз. Бірақ ескеру керек оны ыңғайсыз жағдайдға қалдырмастай қарау керек. 
4. Сәбиді сипағандай сипау
 Иә, шынымен қарсы беттегі адам сізге тікелей назар аударып қана қоймай, сізді ұнатып қалсын десеңіз онымен кездескен кезде оның денесіне қолыңызды өте жұмсақ әдіспен тигізіңіз. Яғни құшақтасқан кезде немесе қол алысқан кезде ол адамды сәби деп елестетіңіз. Сәбиді сипағандай оны да сол әдіспен құшақтаңыз, қолын жұмсақ қысыңыз. Ал бұл әдіс сізді далаға қалдырмайды. 

5. Өзін-өзі ұстау
Егер кездескен кезде әріптесіңіз сізді ұнатып қана қоймай сенім артсын десеңіз, көп қозғалмаңыз. Бір орында тұруға, қолыңызды ары-бері сілтемеуге тырысыңыз. Ал мұндай жағдай орын алса, сіз өте сенімсіз әрі күйгелек адамсыз деген түсінік қалыптастырады. 

6. Ескі дос

Кездесуге келген адамды бірінші рет көрсеңіз де ескі достар секілді амандасыңыз. Бұл таңсық адамды өзіңізге бірден қаратып алуға жақсы. Кездесуге келген адамға өз махаббатыңызды ашық жеткізген сайын ол сізді ұнататын болады.
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!